Жол-көлік оқиғасы Береке ауылының тұсында орын алған. Бейнежазбадан жол жиегінен шығып кеткен КамАЗ көлігін көруге болады. Сондай-ақ, жол бойында алдыңғы бөлігі тұтастай жапырылып кеткен жеңіл көлік тұр. Алдын ала болжам бойынша екі көлік бір-бірімен соқтығысқан болуы керек.
"18 сәуір күні сағат 07:30 шамасында Атырау-Орал тас жолы тұсында маркасы КамАЗ және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жеңіл көліктің 1998 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген хабарламада.