RSS лента

Отбасы күні айрықша атап өтілмек

  • 03.09.2024, 19:15,
  • 207
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту, отбасыларды әлеуметтік қолдау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және ұрпақтар сабақтастығын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2013 жылдан бастап, 10 жылдан астам уақыт бойы елімізде жыл сайын қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында айтып өткендей, 2023 жылы Үкіметтің қаулысымен «Әкелер күні» - маусымның әрбір үшінші жексенбісі, ал «Аналар күні» - мамырдың әрбір екінші жексенбісі деп бекітілді. Биыл Аналар күні алғаш рет аталып өтті. Осыған байланысты вице-министр отбасы саясаты саласындағы жұмыстың негізгі үрдістері мен нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.

 

Оның хабарлауынша, Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша 2021 - жылы отбасылар саны 5 578 947-ге жетті. 2009 жылғы санақ деректеріне сәйкес, республикадағы отбасылар саны 4 022 388 – ге тең болды. Осылайша, 10 жыл ішінде бір жарым миллионнан астам отбасы қалыптасты. Ажырасу санының төмендеуі байқалады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 48,6%-ға төмендеді.

 

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда», деп айтқан болатын. Соған әлеуметтік сауалнамалардың қорытындыларф соған дәлел болып табылады. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 95,4%-ы отбасындағы қарым-қатынастарға қанағаттанған. Қазақстандық отбасылардың басты 3 құндылығы: бір-біріне қамқорлық жасау, өзара сыйластық, қолдау көрсету, махаббат, балалар», – деді спикер.

 

Бүгінгі таңда қазақстандық отбасылардағы балаларда тәрбиеленетін негізгі құндылықтар: еңбекқорлық (39,8%),  адалдық (31,7%),  үлкендерге құрмет (28,5%),  өзін-өзі бағалау (24,2%), басқаларға құрмет (21,3%).

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости