RSS лента

Қазақстанда отбасында отағасы кім екені анықталды

  • 02.02.2023, 18:35,
  • 675
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазақстандық отбасыларда ер адам отағасы болып саналатын дәстүрлі салт сақталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қазақстандық отбасылар-2022» Ұлттық баяндамасын дайындау барысында Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері осындай. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аталған орталық басшысы Жұлдыз Батталова негізгі мәліметтермен таныстырды.

 

 

«Айта кетерлік жайт, қазақстандық ата-аналар үй шаруасын бірлесіп орындайды. Бұл бала күтіміне, бюджетті бөлуге және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты» деді спикер.  

 

Сонымен қатар Жұлдыз Батталова қазақстандық ата-аналардың ең басты алаңдаушылықтары балалардың гаджеттерге, әлеуметтік желілерге және интернетке тәуелділігі, ауладағы көліктердің балаларға қауіп төндіруі, үйірмелер мен секциялардың сапасы мен қолжетімділігі екенін атап өтті.


«Рейтингте бірінші орында – еңбекқорлық, өзін-өзі құрметтеу, адалдық, үлкендерге және айналасындағыларға деген құрмет құндылықтары. Сондай-ақ біз отбасылық дәстүрлер туралы сұрадық. Респонденттердің көбі отбасында жиі аталып өтілетін отбасылық мерекелер, жақындарының туған күндерін тойлау деп жауап береді» деді ол. 

 

Сонымен қатар респонденттердің 90%-ы ата-әжелерді бала тәрбиесіне тартуға оң көзқарас танытты, бұл отбасының аға буын өкілдері балаларда құндылықтардың, дәстүрлердің, үлкендерге деген құрмет сезімінің қалыптасуына оң әсер ететінін көрсетеді.


Ал, Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы Нұрбек Матжанидың айтуынша, мұндай зерттеулер, оның ішіндегі деректер, отбасы институтында болып жатқан өзгерістер мен оларға объективті түрде берілген ғылыми сараптама әрқайсысымыз үшін маңызды. Бұған дейінгі осындай зерттеу 2020 жылы жүргізілген. 

 

«Баяндама мақсаты – отбасы институты саласындағы негізгі проблемалар мен трендтерді анықтау және ҚР отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу. Ол негізгі 4 тараудан тұрады, олардың әрқайсысында бірнеше бөлім бар. Бірінші бөлімде ҚР отбасы саясатын жүзеге асыру процесіне талдау жасалып, оның заңнамалық және институционалдық аспектілері зерттелді. Осы тұрғыда Ұлттық баяндамаға енгізілген қиын жағдайдағы отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған пилоттық жоба – Отбасын қолдау орталықтарының қызметіне шолу ерекше атап өткен жөн. Бұл бағыт әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік-әлеуметтік қолдау мәселелерін қарастырған баяндаманың екінші бөлімінде толығырақ қамтылды. Баяндаманың үшінші бөлімі отбасылардағы ата-ана әлеуетін қалыптастыру және бала тәрбиесінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ұлттық баяндаманың төртінші тарауында алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күреске әйелдер мен отбасы институтының ықпалы туралы мәселе қарастырылған. Сондай-ақ Ұлттық баяндама аясында алғаш рет Қазақстандағы әке институты жан-жақты қарастырылды» дейді ол.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости