RSS лента

Жұмыспен қамтылған халық саны 39% өсті

  • 09.11.2023, 10:46,
  • 188
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/mwitt1337

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны 9 188 мың адамды құрады, 2009 жылғы санақпен салыстырғандағы өсім – 39,2%, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Бюроның мәліметінше, жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі қалалық елдімекендерде – жұмыспен қамтылған халықтың 62,5% немесе 5,7 миллионнан астамы. 2009 жылы қалалардағы жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 55,3% немесе 3,6 млн адамды құраған. Жас тобы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны 30-34 жас аралығында – 1 450 мың адам.


2009 жылғы санақ қорытындысымен салыстырғанда 2021 жылы жоғары білімі бар халықтың жұмыспен қамтылу үлесі 27,1%-дан 30,8%-ға дейін артты.


Жұмыспен қамтудағы әйелдердің үлесі 2009 жылғы 45%-дан 2021 жылы 48%-ға дейін немесе 1,4 млн адамға артты.


Салалар бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны ауыл шаруашылығында – 1,41 млн адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 15,3% (17,9% – 2009 жылы). Одан кейін көтерме және бөлшек сауда – 1,35 млн адам немесе 14,7% (12,9% – 2009 жылы). Жұмыспен қамту бойынша үшінші орынды өнеркәсіп саласы алады – 1 млн адам немесе 11,1% (11,5% – 2009 жылы).


Барлық жұмыспен қамтылған халықтың ішінде ерлердің ең көп үлесі немесе 17% ауыл шаруашылығында, ал әйелдер бойынша негізінен сауда саласында – 16%.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости