RSS лента

Жұмыспен қамту орталықтары ақылы бола ма?

  • 19.01.2023, 02:28,
  • 697
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту орталықтары ақылы болады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында елімізде жақын арада Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері ақылы болады деген ақпарат жарияланды. Көмек сұрап жүгінгенжұмыссыздарғар арнайы тарифтік кесте әзірленіп жатыр екен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.


«Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері әрқашан халыққа тегін негізде көрсетіліп келді, әрі қарай да тегін болады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен анағұрлым кең қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау көзделген. Оның бағыттарының бірі- Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлердің жалақысына әсер ететін қызметтеріне тарифтер енгізу, яғни Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмысқа орналастырылған азаматтардың санына тікелей байланысты болады. Бұл Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақысының тарифтік кестесіне қатысты, бұл халыққа арналған тарифтер емес», – деді ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Александр Кононец.


Ол сондай-ақ биыл трансформация үш өңірде пилоттық сынақтан: Астана қаласында, Қарағанды және Түркістан облыстарында басталатынын айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости