Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Кез келген жобаның жоспарға сәйкес, басталуы мен аяқталуы болады. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 82 пайызы аяқталды. Онда қазір 60 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың 5 мыңы шетелдік. Ал жобадағы қазақстандық жұмысшылардың 40 пайызға жуығы атыраулықтар.
«Болашақ кеңею жобасы» құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігінің аяқталуына байланысты ТШО-ның мәліметінше, 2022 жылдың соңына дейін шамамен 39 мың адамды босату болжанып отыр. Олардың 37 мыңы Қазақстан азаматтары. Шамамен 40 пайыздайы болса, Атырау облысының тұрғындары. Қалғандары еліміздің өзге өңірлерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар.
Бұл мәселе облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Былтырдан бері босату болжанған азаматтарды жұмыспен қамтуға қатысты тиісті жұмыстар істеліп келеді. Атап айтқанда, осы мәселеге жауапты органдармен — Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Энергетика министрлігі сонымен қатар, ТШО компаниясы басшылығымен ай сайын кездесу өткізіліп, ақпараттар алмасылып, жоспарлар пысықталып отырады.
Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 769 адам жобадан босатылды. Оның 1228 – і жергілікті азаматтар. Аталған атыраулықтардың 785-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 19-ы басқа жобаларға ауыстырылып, 2-і оқуға жіберіліп, 210 адам әлеуметтік төлемдер алуда. Қалған 212-сі өздері басқа жұмысқа орналаскан.
2022 жылдың 1 тоқсанында 2 900-ден астам адам босатылады деп болжануда, олардың 1270-ы – Атырау облысының тұрғындары. Босатылатын азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атырау облысының әкімдігі өз тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде («Еңбек», «ЖҚЖК», «ИИДМБ», «БЖК», «ӨДБ» және т.б.) жыл сайын 12 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.
Сонымен қатар, облыста іске асырылатын ірі инвестициялық жобалар шеңберінде биыл және келесі жылы 9 мыңдай адамды жұмыспен қамту көзделген.