RSS лента

Мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылмақ

  • 23.09.2023, 01:11,
  • 355
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оны қалай тойлайды, еңбек нарығында қандай жаңа тенденциялар мен сын-тегеуріндер бар, оларды қалай еңсеруге болады, бұл туралы салалық ведомство өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов өз сөзінде атап өткендей, бүгінде Қазақстан экономикасында шамамен 9,6 млн адам жұмыс істейді, оның ішінде жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 9,1 млн адамды немесе 95% құрайды.

 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, елімізде 6,8 млн жалдамалы жұмысшы бар. Кәсіп бойынша көш басында – 2,2 млн адам жұмыспен қамтылған кәсіби мамандар. Бұл жалпы жұмыспен қамтудың шамамен 24% құрайды. Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері 1,3 млн адамды немесе шамамен 15% құрайды. Құрылыс, көлік, өнеркәсіп салаларындағы жұмысшылардың саны 800 мыңға жуық. Елдегі мұғалімдердің саны шамамен бірдей. Тау-кен, металлургия өнеркәсібінде 230 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

 

Әрине, жұмыспен қамту, еңбекке орналастыру мәселесі Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады, деп атап өтті спикер.

 

«Биыл біз әкімдіктермен бірлесіп жұмыспен қамтудың тиісті өңірлік жоспарларын бекіттік, оның шеңберінде 950 мыңға жуық қазақстандықты жұмысқа орналастыру шараларымен қамту көзделуде», – деді бірінші вице-министр.

 

Спикер еңбек және жұмыспен қамту саласындағы жаңа сын-тегеуріндер туралы айтып берді. Халықты жұмыспен қамтудың икемді нысандары, жаңа мамандықтар пайда болуда. Бұл процестердің барлығы цифрландырумен бірге экономиканың құрылымын өзгертеді, деп есептейді Еңбек министрлігінің өкілі.

 

Осындай жаһандық және аймақтық сын-тегеуріндерді ескере отырып, еңбек нарығы өзгеруде. Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары барлық жұмыс орындарының 8-ден 50%-ына дейін автоматтандырылатын болады. Бұл белгілі бір шығындарға, технологиялық жұмыссыздыққа, кәсіптердің өзгеруіне әкеледі, бұл еңбек нарығының барлық қатысушыларында үздіксіз жетілу, біліктілігін арттыру процесінде алуға болатын икемді дағдылардың болуын талап етеді.

 

Қазақстанда өмір бойы оқыту тұжырымдамасына сәйкес осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізілуде. Жалпы, мамандықтар мен дағдыларға қойылатын талаптар да өзгеріп жатыр.

 

Бірінші вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда экономиканың базалық салаларында 200-ге жуық жаңа кәсіп, 100-ге жуық трансформацияланатын кәсіп анықталды, сондай-ақ жоғалып кететін кәсіптер нақтыланды.

 

Осы трендтерді ескере отырып, биыл «Кәсіби біліктілік туралы» арнайы заң қабылданды, ол еңбек нарығының барлық қатысушыларының тығыз ынтымақтастығында дағдыларды үнемі арттыру және оларды тиісті орталықтарда сертификаттау моделін әзірлеуге арналған.

 

«Алдағы 5-7 жылда біз барлық кәсіптердің 90%-ын кәсіби стандарттарды енгізу арқылы жаңа талаптармен қамтимыз. Бұл адами капиталдың сапасын арттырудағы маңызды қадам болады», – деді А. Сарбасов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости