RSS лента

Елімізде балалар үйі азайды

Автор фото: ortcom.kz

Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есе азайған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу; қорғаншылық (қамқоршылық); патронат; қабылдаушы отбасы.

 

Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.

 

    «Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

 

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.

Оставить комментарий
Последние новости