RSS лента

Смайылов: Балалар үйлері өткеннің еншісінде қалуы керек

  • 01.06.2023, 15:04,
  • 414
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

1 маусым күні Қазақстан Премьер-Министрі Әліхан Смайылов қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Turantimes.kz 


Үкімет басшысы Орталықта тұратын балалармен тілдесіп, олардың тұрмысы мен оқу жағдаймен танысты. Премьер-Министрге оқу кабинеттері, ойын алаңы, жатын бөлмелер мен асхана көрсетілді, сондай-ақ балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және оларды мектептен кейінгі қолдау шаралары туралы айтылды.


Әлихан Смайылов орталық тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

"Бұл - біз үшін ерекше мереке, өйткені балалар - біздің болашағымыз! Балалардың дені сау, ақылды және табысты болып ержетіп, сапалы білім алғанын қалаймыз. Ал мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырмақ", - деді премьер-министр. 


Үкімет басшысы ел Президенті жетім балаларды әлеуметтік қорғау және оларды отбасында тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Соңғы 10 жылда республикадағы балалар үйлерінің саны 41%-ға, ал ондағы балалар саны 65%-ға төмендеді. Бүгінгі таңда елде 3 700-ге жуық бала тұратын осындай 116 мекеме бар.


Үкімет басшысы Орталықта тәрбиеші болып жұмыс істейтін мекеме түлектері Гүлзат Газеева және Мария Захаровамен, сондай-ақ Қазақстанның балалар үйлері түлектері қауымдастығының басшысы Рафаэль Гасанов және орталық директоры Бибігүл Такисовамен әңгімелесу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Атап айтқанда, оларды баспанамен қамту және білім беру шаралары туралы сөз қозғады.


Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінде осы санаттағы балалардың бірінші кезекте үй алуға құқығы бар. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе әкімдіктердің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған үйлердің кемінде 20%-ы заңды түрде осындай санаттағы балаларға бөлінеді.


«Биыл республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражаттың кем дегенде 20%-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Сонымен қатар әр өңірде бюджеттен тыс және демеушілер қолдауы есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген осы санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарлар бар», -деді Әлихан Смайылов.


Сонымен қатар Премьер-Министр әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін оқуға квота көзделгенін атап өтті, бүгінде ол бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының 1%-ын құрайды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жеткілікті көлем, алайда Үкімет қажет болған жағдайда оның мөлшерін қайта қарауға дайын.


Әңгіме барысында Орталық директоры Бибігүл Такисова Премьер-Министрге мекеме аумағында спорт алаңын салуға жәрдемдесу туралы өтініш айтты. Әлихан Смайылов қала әкімі Жеңіс Қасымбекке осы мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости