RSS лента

Заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкердің құқығы қорғалды

  • 02.09.2024, 10:11,
  • 136
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Б. коммуналдық кәсіпорында бас бухгалтер болып жұмыс істеген. Оған қатаң сөгіс жарияланған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Екі аптадан кейін жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты бұзылған. Ол сотқа тәртіптік жазаны қолдану және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтарды жою, жұмысына қайта орналастыру және мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін өтемақы төлеу туралы талап қоюмен жүгінген.

 

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен аталған бұйрықтар заңсыз деп танылды. Талап қоюшы өз қызметіне қайта орналастырылып, кәсіпорыннан өтемақы өндіріп алынды.

 

Апелляциялық саты бұл бөлікте талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарған.

 

Дауды Жоғарғы Сот қарады.

 

Кассациялық саты апелляцияның талап қоюшының кәсіпорын мөрін пайдалану және сақтау бойынша функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындамағанын дұрыс деп таныды.

 

Бұзушылық анықталған сәтте Б.-ның өтелмеген тәртіптік жазасы болған. Сондықтан еңбек шарты Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бұзылуы мүмкін еді.

 

Алайда, апелляция еңбек шартын бұзу кезінде жұмыс беруші қате негіздемені – жоғарыда аталған баптың 13) тармақшасын қолданғанын ескермеген. Жұмысшы ол кезде жұмыс берушінің сенімін жоғалтуға әкелетін әрекет немесе әрекетсіздік жасамаған еді.

 

Еңбек шартын бұзу негіздемесінің дұрыс болмауымен қатар, жұмыс беруші жауапкершілікке тарту мерзімін бұзған.

 

Жұмыстан шығару туралы бұйрық бір ай өткеннен кейін, яғни заңда көзделген бір айлық мерзімді бұза отырып шығарылған. Бұл жағдай бұйрықты заңсыз деп танудың жеке негізі болып табылады.

 

Кассациялық саты талап қоюшының жұмыстан шығарылуы заңсыз деп таныды, кері дәлелдер сотқа ұсынылмады.

 

Апелляциялық қаулының күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылды.

 

Кәсіпорыннан мәжбүрлі бос жүрген күндер үшін 3,6 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости