RSS лента

2024 жылы кімдер арнайы төлемдер алады?

  • 22.12.2023, 18:35,
  • 760
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Арнайы әлеуметтік төлем мөлшері әр азаматқа жеке есептеледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі hr.enbek.kz сайтын әзірледі. Оның сілтемесі еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарға жіберілді. Төлемге үміткер осы сайтқа кіріп, өзінің ЖСН арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратты ала алады. Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады.


Бұл мәліметті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Светлана Жақыпова хабарлады. Сондай-ақ ол жүйенің қандай жағдайда бағдарламаға қатысуға жібермейтінін түсіндірді.

 

    «Мұнда міндетті талап бар. Еңбек шарты бұзылған жағдайда ғана жүйе үміткердің өтінішін қабылдамайды. Қазір бізде барлық еңбек шарты электронды форматта жүргізіліп жатыр. Біз жүйеде оны қадағалап отырмыз. Егер еңбек шарты бұзылмаса, біз жұмыс берушіден ақпарат алмаймыз. Демек, қызметкер жұмысын жалғастырады және жалақысын алады. Бірақ ол енді төлем алуға жүгіне алмайды. Жүйе оның тағайындалуына жол бермейді. Жұмыс беруші еңбек шартын бұзған кезде азаматты өз өндірісіндегі жеңіл жұмысқа жібере алады. Тараптар қосымша келісім жасасады, ол туралы біз автоматты түрде хабарлама аламыз және жүйенің барлық қатысушысымен төлем тағайындау бойынша жұмысты бастаймыз» деді Светлана Жақыпова.

 

Оның айтуынша, критерийлерге сәйкес келетін 37 мың адам бір уақытта өтініш бере алады. Қосымша келісім бойынша төлем алушы өзінің бұрынғы өндірісінде тәлімгер бола алады немесе «Күміс жас» сынды әлеуметтік органдардың бірқатар бағдарламасына қатыса алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости