RSS лента

Кімдердің жалақысы 50 пайызға көтерілді?

  • 23.11.2023, 02:04,
  • 844
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 940 кәсіпорнында 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың қызметкердің алдында жалақы бойынша берешегін анықтаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

20 қарашадағы жағдай бойынша, 34 кәсіпорынның 1,9 мыңнан астам қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешегі 910 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті.

 

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 22 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,4 млрд теңге төленді. Еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 1224 ұйғарым беріп, 170 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды», – деп нақтылады ведомство өкілі.

 

Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша кәсіпорындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

 

«Осы жұмыстың нәтижесінде еліміздің ірі және орта кәсіпорындарының 11 мыңнан астам жұмыс берушісі 5-тен 50%-ға дейінгі мөлшерде 2,9 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтерді», – деп қорытындылады өз сөзін спикер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости