RSS лента

Кімдердің жалақысы 100 пайызға өсетіні айтылды

  • 24.10.2023, 13:00,
  • 1 445
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда кітапхана мамандығының әлеуметтік мәртебесі және оның қазіргі қоғамның дамуына қосқан үлесін лайықты тану мен бағалау әрдайым назарда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Кітапхана секторына тән жалақы көлемінің аздығы білікті кадрларды ұстап қалуға кедергі келтіріп, бұл халық пайдаланатын кітапхана қызметтерінің сапасына да әсер етіп жатқанын жасырмаймыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында осылай деді.


«Республика бойынша 2023 жылға орташа алғанда өңірлік көпшілік кітапхана ісі мамандарының төменгі жалақысы – 125 980 теңге, кітапхана басшыларының ең жоғары жалақысы 214 449 теңгені құрап отыр. Кітапханашыларды әлеуметтік қолдау бойынша айтар болсақ, 2022 жылдан бастап Президент жолдауына сәйкес кітапхана ісі қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 25 пайызға өсіру кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Яғни, 2025 жылға дейін кітапханашылардың еңбекақысы 100 пайызға көтерілетін болады», - деді Қуат Бораш.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости