RSS лента

Кітапхана қызметкерлері Түркияда оқитын болады

  • 30.03.2023, 10:12,
  • 459
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрлігі кітапхана қызметкерлерін Түркияда оқытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілік арттыруға жіберуді жоспарлап отыр.


Оқыту шаралары аясында отандық кітапхана мамандары түрік кітапханаларының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және т.б. бағыттар бойынша біліктілік арттырады.


Министрліктің айтуынша, бүгінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


«Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын еліміздің мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде біліктілік арттыру шараларын ұйымдастырады. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың, костюм бутофориясы мен костюм аксессуарлары қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні қазақстандық кітапханалардағы сирек басылымдармен жұмыс істейтін және реставрация мамандарының біліктілігін арттыру аса маңызды болып отыр»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости