RSS лента

Кімдердің жалақысы 55%-ға өсетіні белгілі болды

  • 02.04.2023, 01:44,
  • 1 013
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Алдағы екі жылда мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Биыл шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі әртістерінің де еңбекақысын көтеру жоспарланып отыр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтуды тапсырған болатын.

 

Былтыр мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы 23%-ға көтерілді.

 

Биыл жыл басынан сала қызметкерлерінің еңбекақысы тағы 22%-ға артты. Алдағы екі жылда мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі.

 

Сондай-ақ «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости