Айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.
«Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ке арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды», — деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.
Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.