RSS лента

Денсаулық сақтау министрі Атырауды аралады (+фото)

  • 06.08.2021, 18:56,
  • 462
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырауда, соның ішінде, Мақат ауданында болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол алдымен аудандық орталық ауруханның жай-күйімен танысты. Жалпы аудан бойынша 45 дәрігер және 224 орта буын медицина қызметкері бар.

 

Алайда ауданға әлі де лор, окулист, нарколог секілді мамандар жетіспейді. Алексей Цой кадр тапшылығын жою үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп жатқанын айтты.

 

«Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша негізгі көмек ауылға бөлінуде. Жыл сайын дәрігерлердің жалақысын 30, ал мебдикелердің жалақысын 20 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді ету үшін ауыл емханаларын арнайы аралап, жұмысын бағалап жүрміз» деді Алексей Цой.

 

Алексей Цой індетпен аянбай күресіп жүрген жергілікті ақ халаттылардың қызметіне оң баға берді. Десе де әлемді әбігерге түсірген вируспен күресті бір сәтке болса да босаңсытуға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, екпе егу жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды.

 

«Әрине барлығымызда да шаршау бар. Жақын уақытта бұл ауруды жеңеміз деп ойлаймын. Бұрынғыдаай жұмыс жасауға көшеміз. Ешкім ауырмасын деп тілеймін. Вакциналау жұмысын күшейту керек. Өзімізді, жақындарымызды сақтайық, бұл өте маңызды» деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

 

Министр дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін де тыңдады. Жергілікті қызметкерлер бірнеше жылдан бері бос тұрған жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратын қайта қалыпқа келтіру керектігін айтты. Сондай-ақ, жылжымалы диагностикалық медициналық кешенмен ауыл-аймақты аралайтын медцицина қызметкерлерінің жалақысын өсіруді сұрады.

 

Денсаулық сақтау министрі Бәйгетөбе ауылдық округіндегі фельдшерлік акушерлік пунктте де болып, атқарылып жатырған жұмыстарға оң баға берді.

Оставить комментарий
Последние новости