RSS лента

Сенатор дәрігер жалақысын көтеруді ұсынды

  • 11.02.2021, 15:58,
  • 848
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Сенаторлар балалар кардиохирургиясымен айналысатын ақхалаттылардың мәртебесі мен жалақысын көтеру керектігін алға тартты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сенатор Нұртөре Жүсіп көптеген ауруханада жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде жатқан балаларды емдеу үшін қосымша антибактериалдық, иммундық және басқа препараттар тапшы екенін айтты.

 

«Қазіргі таңда Қазақстанда балалардың бәріне жүрек аритмиясы бойынша терапиялық зерттеу жүргізіле бермейді. Өйткені, республикамызда балалар аритмологтары, балалар кардиохирургы, перфузиолог мамандар жетіспейді. Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді» деді ол өзінің депутаттық сауалында.

 

Осыны айта келіп, халық қалаулысы аталған мамандық иелерінің мәртебесі мен жалақысын көтеруді ұсынды.

 

«Сондай-ақ, көптеген ауруханада магнитті-резонанстық томография – МРТ аппараты жетіспейді. Бұл операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңде зерттеулер жасау үшін ауадай қажет аппарат. Оны сатып алуға ауруханалардың шамасы келмейді. Бұл мәселеге де үкіметтің қолдауы қажет. Үшіншіден, кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтердің тарифтік саясатын дұрыстау қажет» деп түйіндеді сөзін сенатор.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц