RSS лента

Бір жүргізушіге 9 млн айыппұл салынды

  • 19.06.2024, 09:06,
  • 131
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Төленбеген 10 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі автокөлік арнаулы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен Жедел басқару орталығы жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін, айыппұлдарын төлемей жүрген автокөліктерді анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізуде. Мәселен, 16 маусым күні сағат 22:30 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері сот қаулысымен бағыттамада тұрған Toyota Land Cruiser автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Тексеру барысында автокөліктің 9 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды.

 

Сондай ақ, сағат 01:20 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Атырау-Доссор тас жолындағы жанармай бекеті тұсында Армения елінде тіркеуде тұрған маркасы Nissan Quest автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Автокөлікті уақытылы тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің 500 мың теңге көлемінде төленбеген 26 айыппұлы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып, екі автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 

Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости