RSS лента

Шымкенттік полицейлердің видеосы жұртты сүйсіндірді

  • 24.09.2021, 03:00,
  • 393
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Шымкенттік полицейлер көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет барысында жолдың шетінде автокөлігін тоқтатып, жол қозғалысына кедергі тудырып тұрған жүргізушіні байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге барып, мән-жайды анықтады. Жүргізуші көліктің белгілі бір менханизмінің аяқ асты сыр бергенін айтқан. Көше бойында кептелісті алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қала тұрғынының автокөлігін жолдың бойына шығаруға көмектескен.

 

Бұл жайтты жергілікті тұрғын жолдың арғы бетінен бейнежазбаға түсіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына ризашылығын білдіріп, жолдаған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости