RSS лента

Тәртіп сақшылары тойдың шырқын бұзды (+видео)

  • 01.09.2021, 13:43,
  • 1 474
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Polisia.kz

Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті «үйлену тойының» жолын кесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Алматы облысының полицейлері карантин режимін бұзушыларды әлі де анықтауда. Облыста бірқатар шектеулер енгізілген, солардың қатарында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу да бар. Дегенмен бұл тыйымды елемейтін азаматтар қатары азаяр емес. Қаратал АПБ-нің полиция қызметкерлері мобильді топпен бірге күн сайын азаматтардың бас санитарлық дәрігер Қаулысының талаптарын сақтауын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

 

Осындай рейдтік іс-шараның бірінде Қаратал АПБ полиция қызметкерлері Үштөбе қаласында карантиндік шектеулерді бұза қызмет көрсеткен мейрамхананы анықтады. Тексеру кезінде аталған мейрамханада үйлену тойы өткізіліп жатқан. Аталған дерек бойынша жиналған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости