Ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.
- ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған штабтың ресми аккаунтына сілтеме: https://t.me/oper_shtab_atyrau