RSS лента

"Қазақстан мектептерінде атыс болады" деген ақпарат тарады...

  • 26.01.2024, 15:29,
  • 562
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбе, Алматы мен Атырау мектептерінде атыс болатыны жөнінде жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Белгісіз біреулер «Конец Ақтөбе», «Конец Атырау», «Конец Алматы» атты Telegram-каналдар ашып, мектептерде барлығын жаппай өлтіретіндерін хабарлады.

 

    «Біз сіздердің мектептеріңізге кіріп, барлығын және әрқайсысысын атамыз» деп жазылған Telegram-каналда.

 

Ал, ата-аналар ертең балаларын мектепке жіберуге қарсы болып жатыр. Ата-аналар чаттарында да бәрі абыр-сабыр болуда.

 

Сондай-ақ, полиция департаментінде жалған ақпарат таратпауға шақырады. Өз кезегінде құқық қорғау органдары тарапынан барлық тиісті шаралар алынатынын жеткізді.

 

«Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда құзіретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылады.

 

    Осыған ұқсас жалған хабарламалар ағымдағы жылдың басында Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында және Ақтөбе қаласында да орын алған. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында» делінген хабарламада.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости