Меморандумның мақсаты – тиімді шаралар қабылдау және ортақ ресурстарды пайдалану арқылы азаптаулар мен басқа да рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне бірлесу және қарсы тұру.
Келісім шеңберінде тараптар бірлескен, оның ішінде өңірлік деңгейде де іс-шаралар өткізуге ниет білдіруде.
Атап айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың алғышарттарын анықтау және жою үшін қылмыстық қудалау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің ғимараттарына бірлесіп бару, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастыру, ақпарат алмасу және басқа да бірқатар шаралар жоспарлануда.
Шараға қатысушылар ортақ міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуде әріптестік қатынастардың маңыздылығын, құжаттың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптаулардың алдын алу мәселелерінде екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.
Прокуратура органдары Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес келетін азаптауларды тергеп-тексерудің әдістемесін әзірледі. Құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша азаптаулар туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру нұсқаулығы, сондай-ақ міндетті бейнебақылау ережелері бекітілді.
Құқық қорғау және түзеу мекемелерінің «көрінбейтін аймақтарды» бақылау камераларымен жарақтандыру, сондай-ақ сотталғандардың жолданымдарын онлайн беру үшін терминалдар орнату жүргізілуде.
Сонымен қатар арыздарды тәулік бойы қабылдауды, жеткізу заңдылығына кенеттен тексерістер жүргізуді және басқа алдын алу шараларын қамтамасыз ететін Азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспары қабылданды.
Прокуратура азаптаулардың алдын алу мәселелерінде құқық қорғау институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасасуда.