RSS лента

Үш қой үшін бес жылға "кетті"...

  • 23.02.2024, 19:03,
  • 529
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Жылыой аудандық соты мал ұрлығы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған Л.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

 

2023 жылдың желтоқсан айында Л.К. көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, азамат Е.Р.-ға қойларды арзан бағаға сатқан.

 

ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости