RSS лента

«WhatsApp»-та аузына келгенін айтыпты

  • 11.12.2023, 17:58,
  • 367
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Оқиға Атырау облысындағы Жылыой ауданында орын алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚК-тің 131-бабаның 1-бөлігімен (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) жекеше айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

 

Жәбірленуші А.Т. арызында З.И.-дың «WhatsApp» желісі арқылы өзінің абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыс-жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

 

Сот іске қатысушыларды тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, сот-психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысын зерделеп, сотталушы З.И-дің іс-әрекетінде ҚК-тің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы бар деп тапты.

 

Алайда шағымданушы З.И.-ды ҚК-тің 131-бабының 1-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы арыздануына байланысты, сот істі жеке айыптаудың шеңберінде қарады.

 

Сот үкімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 69 000 теңге айыппұл салынды. Сотталушы З.И.-дан жәбірленушінің пайдасына сараптама жүргізумен байланысты 293 250 теңге сот процестік шығындары өндірілді.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости