RSS лента

Итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырды: Атырауда қылмыстық іс қайта қозғалды

  • 27.07.2020, 10:41,
  • 1 151
  • 0
  • Автор:

Атырау облысында тоңазытқыштың есігімен тұншықтырылған итке қатысты қылмыстық істі қайта қозғады. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов хабарлады, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Атыраулық қанышер итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ іс тоқтатылды, итке ешқандай зиян келмеген-мыс. Егер итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырса, бұл зиян емес пе? 3 шілдеде мен бас прокуратураға істі тоқтатуды жою және оны қайта ашу туралы шағым бердім. Бас прокуратура менің арызымды Атырау облысының прокуратурасына жолдады.


Міне, бүгін қаныпезерге қатысты қылмыстық істі тоқтату жойылып, қайта қозғалғандығы туралы хат келді. Бұл жолы ол жауапқа тартылады деп сенемін» деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.


Еске сала кетейік, шілденің басында итті қорлау дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болған еді. Өңірдегі полиция департаменті мұның иттен дене жарақатын таба алмаған сараптама қорытындысына байланысты екенін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости