RSS лента

Тұрғындарды зар жылатқан азамат ұсталды

  • 29.11.2023, 19:32,
  • 298
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Атырау қаласының №2 сотының ақпаратына сәйкес, қаржылық пирамиданы құрған азамат сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тергеу органдарымен Т. аса ірі мөлшерде ақша тарта отырып, қаржылық пирамиданы құрып және оған басшылық жасағаны үшін айыпталды (ҚК-тің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы). Сотталушы Т. Ресей Федерациясының азаматы Д.-ның «Thefiniko» компаниясын құрғанын біліп, адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, оған қосылуға және компания атынан әрекет жасауға шешім қабылдаған.

 

Өзінің қылмыстық жоспарларын жүзеге асыру мақсатында әрекеттерінің заңсыздыңын және құқыққа қарсы келетінін ұғына отырып, ақпараттық механизмді іске қосып, әлеуметтік желілер арқылы өзіне жақын адамдар арасынан компанияға салымшыларды тартуға бағытталған әрекетін жүзеге асырған.

 

Т. Қазақстан Республикасы аумағында «Thefiniko» компаниясының тұрақты табыс алатынына, яғни халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екеніне көз жеткізіп, компанияның құрылымдық бөлімшесін басқаруға шешім қабылдаған. Ол компанияға 19 жәбірленушіні тартып, жалпы келтірілген залал сомасы 108 млн теңгеден астам соманы құраған, оның ішінде ол тергеу сатысында 93 млн теңге залалдың орнын толтырған (өтелмеген залал сомасы – шамамен 15 млн теңге).

 

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, экономикалық сараптама қорытындысымен, маман қорытындысымен, фото және бейнематериалдармен толықтай өз дәлелін тапты.

 

Прокурор сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты өзін ақтауды сұрады. 18 жәбірленуші (бір жәбірленушіден басқа) келтірілген залалдың өтелуіне байланысты сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрін тағайындауды сұрады.

 

Сот үкімімен Т. кінәлі деп танылып, оған қаржылық, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның зейнеткерлік жасын және келтірілген залалдың ішінара өтелгенін ескеріп, сот ҚК-тің 63-бабын қолданып, жазаны шартты түрде тағайындады.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости