RSS лента

111 млн теңге жымқырып, 7 жылға сотталды

  • 15.10.2021, 01:01,
  • 1 926
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

111 млн теңге жымқырды деп айыпталған Атырау облыстық Білім басқармасы басшысының экс-орынбасары 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

№2 Атырау қалалық сотында облыстық Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты іс қаралды. Басшы орынбасары 2015 жылдан 2020 жылға дейін өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, серіктесімен бірге бюджеттің 111 млн теңгесін жымқырған.

 

«Осы қаржының 54 млн теңгесін өзі алып, қалғанын серіктесі иеленген. Олар қылмысты өздеріне жалақыны заңсыз есептеу арқылы жасаған. Шенеунік ақшаны өзінің банк картасына, сондай-ақ анасының картасына аударған» делінген іс материалында.

 

Сот тергеуі кезінде шенеунік өз кінәсін мойындап, өкінген. Ол жымқырған қаржыны толық қайтарған. Сот үкім шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескерген. Шенеунік кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-түзету мекемесінде өтеуі тиіс. Алайда, сотталушының жас балалары болуына байланысты жазаны бес жылға кейінге қалдыруға шешім қабылданған. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости