RSS лента

Атышулы блогер судьяға құрметсіздік танытты (+видео)

  • 28.01.2024, 04:06,
  • 1 438
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

 

2024 жылғы 10 қаңтарда азамат Б. сот залына іске қатысушылардың соңынан ұялы телефонмен баса көктеп кіріп, судьяға жақындап, «маймыл қайда?», «маймылды көрген жоқсыз ба?» деп сұрап, сотта белгіленген қағидаларды бұзып, судьяның ескертуіне құлақ аспай, өз әрекетімен сотты және судьяны құрметтемей, дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан.

 

Б.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың жазбаша түсіндірмесімен расталады.


ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінің санкциясында ескерту жасау не 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

 

ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

 

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жеке басы, құқық бұзушылықтың сипаты ескеріле отырып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости