Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде 4 адам, оның ішінде 2 бала болған.
Жылжыма түскен жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр.
Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды.