RSS лента

Жүкті еркек қуыршақтар жұртты шулатты

Автор фото: stopfake.kz

Қазнетте әлемге әйгілі Барби қуыршағын өндірушілер түсірген жарнамалық видео тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Кадрларда Барбидің жүкті «жұбайы» Кен көрсетілген және мұндай жүкті қуыршақтар сатылымға шығарылды деп жазылған. Ресми "Стоп фейк" порталы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.



Шын мәнінде, жүкті Кеннің сатылымға шығарылғаны туралы жаңалықты қуыршақ өндіруші Mattel компаниясы емес, ағылшын тілді The Babylon Bee сатиралық порталы таратқан. Мұндай ақпарат сайтта 2022 жылғы мамырда жарияланған. Порталдағы жарияланымдардың шындыққа жанаспайтыны туралы сайттың «Біз туралы» бөлімінде жазылған. Онда былай делінген: «The Babylon Bee – әлемдегі ең үздік сатиралық сайт. Біз христиандық, саясат және күнделікті өмір туралы сатира жазамыз. The Babylon Bee 6000 жыл бұрын жаратылыстың сегізінші күні құрылды».


Барби қуыршақтарын шығаратын Mattel компаниясының ресми сайтында ассортименттің толық тізімінде жүкті Кен жоқ. 


«Атышулы қуыршақ» туралы жаңалық Желіде тарады және оны фактчекерлер жоққа шығарды. Мысалы, Проверено.Медиа порталы 2022 жылдың мамыр айының соңында жүкті Кен туралы хабарламалар сатира және мұндай қуыршақтар жоқ деп жазған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости