ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың қандай деңгейінде мектептерде сабақтар тоқтатылады? Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер сарапшылардан сұрады. Іс-қимыл алгоритмін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова түсіндірді.
«Қазір пандемия кезеңінде барлық дерлік білім беру ұйымдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес онлайн режимде оқыту мүмкіндігі қарастырылғандықтан бір инкубациялық кезеңде бір сыныптағы балалардың 20-30% ЖРВИ ауырған жағдайда - кабинеттік оқыту жүйесіне көшіп, балаларды басқа сыныптарға кіргізбеу ұсынылады. Егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30% немесе одан артық бала ауырса, бұл жағдайда оқыту онлайн форматқа ауыстырылады» деп жауап берді сарапшы.