«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы қажет. Ол – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау» деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ал, ел азаматтарының 60 пайызы вакцина салдырған соң, маска режимін тоқтату мәселесі қарастырылатынын бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан болатын.