RSS лента

Карантинсіз өмір сүру үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет?

  • 01.02.2021, 15:21,
  • 931
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады.

 

Жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости