RSS лента

Алдағы қаңтар мен ақпанда коронавирус өрши түсе ме?

  • 10.12.2020, 04:11,
  • 564
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жету ықтималдығына қатысты жаңа болжамды жария етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауру жұқтырудың шарықтау шегі қай уақытқа сай келуі мүмкін? Бұрын Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарына сай келетінін болжаған еді. Алайда қазір оптимистік жағдай қалыптасты. Осыған байланысты апта сайын өзіміздің болжамды мәліметтерімізді зерттеп отырмыз. Қазіргі жағдайда пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанына дөп келеді деп болжауға болады» деді бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстанға басқа мемлекеттерден коронавирус жұқтырып келген азаматтардың саны біршама азайып бара жатқанын хабарлаған болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости