RSS лента

Алаяқтар қазақстандықтарды «ҚазМұнайГаз» атынан алдап жүр

  • 22.04.2022, 02:35,
  • 566
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға «Қазмұнайгаз» компаниясы атынан ақша табуды ұсынатын жарнамалық хабарландыру тарады. Бұл жарнамаларға сенбеңіздер, бұл алаяқтық, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар арнайы сайт жасап, қазақстандықтарға ақшаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция салу ұсынылған видео таратуда. Нәтижесінде адамдар мұнай және газ сатудан тез пайда табады екен.


 

«ҚазМұнайГаз» Қазақстан азаматтарының қаражатын қандай да бір инвестициялық жобаларға тартпайтынын хабарлайды. Таратылған жарнамалық хабарландыру жалған болып табылады және алаяқтық сипатқа ие.


«Қазақстандықтардан сақ болуды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Компания қызметі туралы ақпарат тек www.kmg.kz сайтында, сондай – ақ компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында ғана жарияланатынын ескертеміз» делінген компания хабарламасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости