Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсу қаупі ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың маусымдық өсуімен коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың ықтимал қабаттасуымен байланысты. Осыған байланысты қыркүйек айында халықты тұмауға қарсы егу басталды.
«Күзгі-қысқы кезеңде бізде әрдайым иммунитеттің төмендеуі байқалады, бұл жыл сайын осылай. Коронавирусқа келетін болсақ, иммунитеттің төмендеуіне байланысты, әрине, оны жұқтыру ықтималдығы жоғары, бірақ әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска кию және ең бастысы вакцина алу туралы ұмытпау керек. Ол адамды осы инфекциядан қорғайды», — деді А. Цой. Эпидемиологиялық ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. «Індеттер бойынша біз қазір республика аумағында пайда болып жатқан жаңа импорттық штаммдарға жеке мониторинг жүргізіп жатырмыз және тәуекелдердің бірі, сөзсіз, агрессивті жаңа штаммдардың әкелінуі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда айналымдағы штаммдар бақылауға алынған. Біз сондай-ақ ҚР аумағында жаңадан пайда болған штаммдардың қосылуын ескере отырып, отандық вакцинаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деп толықтырды денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Айта кету керек, ЖРВИ, пневмония немесе коронавирус инфекциясы белгілері пайда болған кезде МСАК ұйымдарының, мобильді бригадалардың, сондай-ақ учаскелік мамандардың қызметтері, коронавирус инфекциясын анықтауға арналған зерттеулерді қоса алғанда, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін негізде ұсынылады. «Pfizer» шығарған вакциналардың жеткізілуіне келетін болсақ, ол осы жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Жеткізудің нақты мерзімі жақында мәлім болады.
«Pfizer вакцинасын жеткізу осы жылдың төртінші тоқсанында жоспарланған, кестелер компаниямен тексерілгеннен кейін біз нақты күндерді нақты көрсетеміз. Вакцина алу тиіс тұрғындардың, атап айтқанда, жас санатына келетін болсақ, біріншіден, ҚР-да Pfizer компаниясы мәлімдеген тіркеу куәлігі мен нұсқаулықта 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер көрсетілген, олар Pfizer вакцинасын ала алады, бұл ретте тек ерікті негізде және ата-аналарының келісімімен ала алады», — деді А. Цой.
Ведомство басшысы сондай-ақ вакцина алуы тиіс балалардың жас параметрлерінің өзгеруі мүмкін екенін айтты.
«Жастың өзгеруіне келетін болсақ, қазір осы клиникалық зерттеулер жүргізілген елдердің реттеушілері зерттеу мәліметтерін бекіткеннен кейін біз ресми ұсыныстар аламыз, мүмкін біз де осы тәсілдерді қарастырамыз. Қазіргі уақытта тіркеу куәлігіне сәйкес 12 жастағы және одан асқан балаларға вакцина алуға рұқсат бар», — деп түсіндірді министр.
Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасының логистикасы мен сақтау мәселелерін пысықтау бойынша іс-шаралар аяқталуда, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен семинар-кеңестер өткізілді. 5 жастан асқан балаларға вакцинаны қолдану бойынша Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясына сұраныс жолдады, бұл туралы ресми ақпарат алғаннан кейін қосымша хабарланатын болады. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерде COVID-19 тәрізді мультисистемалық қабыну синдромы (басқаша атауы – Каваски тәрізді синдром) байқалған, бұл аурудың ауыр ағымына әкелетін SARS-CoV-2 вирусының әсерімен уақытша байланысты жаңа синдром. Бұл инфекциядан кейінгі синдром, балаларда COVID-19 инфекциясын жұқтырғаннан кейін 2-6 аптадан соң дамиды. 2020 жылғы тамыздан бастап елімізде COVID–19-бен астасқан мультисистемалық қабыну синдромы жағдайлары тіркеле бастады. Педиатрия және балалар хиругиясы ғылыми орталығының мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19-бен астасқан мультисистемалық қабыну синдромы ҚР-дағы балаларда коронавирус инфекциясынан кейін 2-6 аптадан соң пайда болады.