RSS лента

Алматылық профессор коронавирусты қалай жұқтырмауға болатынын айтып берді

  • 22.01.2021, 20:47,
  • 983
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова әлемдегі күрделене түскен эпидемиялық ахуал аясында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

- Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды қалай бағалауға болады?

 

Әлемдегі эпидемиялық жағдай күрделі. Қазіргі таңда КВИ-ден 2 млн-нан астам адам қаза болды. Ұлыбританияда жаңа штамм пайда болды, ол әлдеқайда бәсеңдеу, дегенмен таралу қарқыны жоғары (COVID-19-ға қарағанда айналасындағыларға жиі жұғады).

 

- Төмен температура эпидемиялық жағдайға әсер етті ме?

 

- Алматы қаласындағы жағдай да күрделі. 21 қаңтарда бір тәуліктің өзінде ауруды жаңадан жұқтырған 115 адам тікелді. Қазіргідей төмен температурада, әрине, жоғарғы тыныс жолдарының жергілікті қорғаныс факторлары төмендегеннен кейін (шырышты қабаттарда секторлы иммуноглобулин IgA мөлшері азаяды, бұл қоздырғыштың эпителий жасушаларына жабысу мүмкіндігін тежейді және вирусты, лизоцимді жояды) респираторлық инфекциясы бар адамдардың жиі ауруға шалдығуына әкеледі. Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ұсақ бөлшектерді шығарғанда вирус адамнан адамға ауа тамшылары арқылы оғай беріледі. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу арқылы COVID-19 инфекциясының қаупін барынша азайтуға болады. COVID-19 алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Бір реттік бетпердені қолдану, дезинфекциялау шаралары, кем дегенде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Иммундық профилактика қажет – бұл коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация.

 

- Тұмауға қарсы вакцинация қаншалықты маңызды?

 

- Тұмауға және ЖРВИ-ға қарсы вакциналардың 430 мың дозасы ЖРВИ мен сырқаттанудың жалпы төмендеуіне әсер етті. Алайда вакцинацияланған денеде олар КВИ ақуыздарынан қорғайтын антиденелер түзбеген. Қарағандыда шығарылатын Sputnik V вакцинасы коронавирус инфекциясын азайтуға әсер етеді.

 

- Қазір Ұлбританияда коронавирустың жаңа түрі таралуда. Вирустың мұндай мутациясы Қазақстанда болуы мүмкін бе?

 

- Ұлыбританияда анықталған корнавирустың жаңа түрі халық арасында тез таралып жатқанын БАҚ хабарлауда. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы жағдайында COVID-19 жаңа штаммының таралуы ықтималдылығы сақталады. Мұндай мүмкіндікті болдырмау үшін біздің елге жолаушылар келген кезде әуежайда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу қажет (ПТР тесті үшін мұрыннан жұғынды алу, дене температурасын өлшеу, карантинді сақтау). Құрамында РНҚ бар коронавирус өте өзгермелі сипатта болады. Әр түрлі факторлардың әсерінен коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін.

 

- Жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. Бұған қандай түсініктеме беруге болады?

 

- Ресей мен әлемнің бірнеше елдерінің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы вакцина қанағаттанарлық түрде төзімді, егер вакцинация ережелері сақталса, жанама әсерлер өте сирек кездеседі. Біздің елдің тұрғындарына вакцинация қажет деп санаймын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости