«Министрліктің жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуына болжам жасады Бұл ретте міндетті маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және вакцинацияны қоса алғанда, қазіргі шектеу шаралары сақталуға тиіс.Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500 науқасқа дейін тіркеледі деп болжануда. Ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700-ге дейін баруы мүмкін. Вакцинацияның бірінші кезеңінде иммунитеттің пайда болуына уақыт кетеді, сол себепті екпенің тиімділігі аса қатты сезілмейді. Ал одан кейін вакциналаудың тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына әсер етеді» деді министр.