RSS лента

Қантты қойып, енді жұмыртқа жетпей жатыр ма?

  • 14.09.2022, 18:21,
  • 555
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде жұмыртқаның бұрынғыдай қант сияқты қат болып жатқаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде атыраулық тұрғындардың бірі демалыс күндері 10 жұмыртқадан артық сатып ала алмағанын айтқаны жөнінде ақпарат тарады. Turan Times тілшісі дереу қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашлық бөлімінің басшысы Руслан Дәулетовпен хабарласып, мәселенің мәнісін анықтады. 

 

Айтуынша, расымен де, «Идеал» және «Лидер» супермаркеттерінде 10 жұмыртқадан артық сатылмайды екен.

 

«Біз осындай шектеу қоюға мәжбүр болдық. Себебі, бұл дүкендердедегі жұмыртқа тұрақтандыру қорынан алынып отыр. Сәйкесінше, бағасы басқа сауда нүктелерінен анағұрлым арзан. Әрине, бұл тұрғындар үшін өте тиімді. Бірақ, мұндай мүмкіндікті олардан бұрын шағын дүкен мен наубайхана иелері пайдаланып кетеді. Яғни, арзан өнімді көп мөлшерде көтермелеп сатып алады да, қымбатқа сатады. Сондықтан алыпсатарлыққа жол бермес үшін осындай шара алынып отыр» деп түсіндірді аталған бөлім басшысы. 

 

Айта кетейік, аймақтағы тұрақтандыру қорының операторы бүгінде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып табылады. Бұлар әкімдікпен келісімшартқа отырған. Соған сәйкес, бағаны өсірмеуге қатысты өз міндеттемелері бар. Қазір қордағы жұмыртқалар «Идеал» мен«Лидер» сауда желілерінде әр данасы 35 теңгеден сатылуда.

 

Ал, басқа жерде баға 45 теңгеге дейін барады. Өйткені, кәсіпкерлер өз шығынын қосады. Қымбатқа сатылуы да сондықтан.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости