RSS лента

Картоп бағасы қымбаттады

  • 14.06.2021, 12:14,
  • 473
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Картоп бағасының күрт қымбаттауы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, елдің аграрлық солтүстігінде бір килограмм картоп бағасы 500 теңгеге дейін көтерілген.

 

Аталған көкөністің бағасы күн өткен сайын қымбаттауда. Сондай-ақ оның тапшылығы да сезіледі. Қазірдің өзінде адамдар көкөністерді қол жетімді бағамен сатып алу үшін бірнеше сағат кезекте тұруға мәжбүр.

 

Солтүстік Қазақстанда 1 кг картоп 400 теңгеге бағаланып отыр. Петропавлдықтар бағаны көріп, мұндай соманы кәдімгі картоптың килограммына төлеуге тура келетініне сенбейді. Себебі бұл аймақта картоп көп өсіріліде және ол ең қол жетімді өнім болып табылады.  Қазір көкөніс бағасы тұрақтандыру қорының сату нүктелерінде ғана қолжетімді. Мұнда картоп 100 теңгеден сатылады, бірақ кезек өте көп. Сондай-ақ, бір қолға тек 3 килограммнан сатады.

 

«Біз таңертеңгі 8-де келдік. Сол кездің өзінде халық көп болды. Әрқайсысына 3 кг-нан бергеннің өзінде біздің кезегіміз келгенше картоп бітіп қалды. Осы жерде тұрған халық арасында картоп үшін соғыс басталды десек те болады» дейді жергілікті халық.

 

«Тұрақтандыру қорында картоп бар, бірақ аз. Біз қосымша картопты тікелей оңтүстіктен делдалдарсыз және бағаны көтерместен сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағаның маусымдық өсуі, біз жаңа егін өнімдерін күтеміз, содан кейін мәселе шешіледі» дейді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Фархат Ибраев.

 

Қазақстанның оңтүстігінен жеткізілетін картоп арқылы тапшылық мәселесін шешу де күмәнді идея. Себебі, Ақтөбе облысы дәл сол жолмен картоп алған. Десе де ондағы көкөніс бағасы тұрақталмаған. Картоптың бір килограмының құны 300 теңгеден асады. Ал қызылша мен сәбіз килограммы 400 теңге немесе одан да қымбатқа сатылуда. Мұндай жағдай қаланың барлық сауда орнында байқалады. Коммуналдық базардың өзінде картоп бағасы 300-350 теңге аралығында.

 

Облыстық кәсіпкерлік басқармасында бағаның өсу себебін түсіндірді. Олардың айтуынша, қазір сөрелердегі барлық көкөніс — оңтүстік өңірлерден әкелінген. Онда фермерлер сату құнын арттырған. Картоп егістіктен килограмы 280 теңгеден сатылады, сәбіз бен қызылшаны сатып алу бағасы 320 теңгеге жетеді. Сонымен қатар көлік шығындары да бар дейді.

 

Жергілікті билік жағдай жақында тұрақтанады деп уәде берді. Алдағы күндері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның 2 жүк көлігі оңтүстік өңірлерге жіберіледі. Барлық көлік шығындарын әкімдік өтейді. Шенеуніктер осылайша Ақтөбедегі көкөністердің бағасы сатып алу деңгейіне дейін төмендейді деп үміттенеді.

 

Мұндай баға өсімі тек Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбеде емес, елдің басқа өңірлерінде де байқалады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости