Әлеуметтік желідегі бейнежазбада көрсетілгендей, атыраулық тұрғын күннің ыстығын көрсету үшін ерекше тәжірибе жасап, далада жұмыртқа қуырған сәтімен бөліскен.
«Мына аптап ыстықта 10 немесе 15 минутта есік алдындағы кафельге табаны қойып, жұмыртқа пісіруге болады екен» деп әзілдейді Нұртілек есімді эксперимент авторы.
Айта кетейік, Атырауда Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға аптап ыстық туралы ескерту жариялаған болатын.