Мамандардың айтуынша, ауру үлкен жылдамдықпен тарап жатыр. Сондықтан Қостанай облысының 4 ауданы карантинге жабылып отыр. Бұл Ресейден келуі мүмкін деген болжам бар. Мәселен, солтүстік аймақтармен шекаралас Омбы қаласындағы құс фабрикасында қысқа уақытта 1,5 миллион қанатты қынадай қырылып қалған екен.
Бүгінде үй құстарының қырылу дерегі еліміздің Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелді. Арам қатқан қанаттылардың денесі дезинфекциядан өтіп, өртеліп, адам аяғы баспайтын жерге көмілуде.
«Магазиндерге ондай ет, жұмыртқа баруы мүмкін емес, бұл бір. Екіншіден, оны магазинге апарғанда объязательно ветеринарный сертификат немесе ветеринарный справка болуы керек. Оны ветврачтар береді. Министерство специальных дезинфикционных отряд бар. Соларды жіберіп, дезинфекция жасап, тауықтарды күйдіріп, көміп жатыр. Ал, осы сәтті ұтымды пайдаланған алып-сатарлар дүкен сөрелеріндегі құс өнімдерінің бағасын айтарлықтай көтеріп жіберген. Әсіресе жұмыртқа қымбаттаған» дейді Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті
Руслан Шарипов.
Расымен де, қазір дүкендегі жұмыртқаның 10 данасы 500-600 теңгеге сатылуда. Ал, Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметінше, құс тұмауы адамға қауіпсіз, жұқпайтын көрінеді. Сонда да болса, санитарлық талаптарды сақтаған жөн-ақ.