RSS лента

Зейнетақы қорындағы ақшаны көлік алуға жұмсауға бола ма?

  • 17.02.2021, 13:41,
  • 1 004
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны көлік сатып алуға жұмсауға рұқсат беруге ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Astana Motors» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловтың айтуынша, қазақстандық автобизнес ассоциациясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ел азаматтарының зейнетақы қорындағы қаржысын автокөлік сатып алуға жұмсауға рұқсат беруді ұсынған. Ал, аталған ведомство бұл ұсынысты Ұлттық экономика министрлігіне жолдап отыр.

 

«БЗЖҚ-дағы қаржының тек пәтер алуға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда жасалған көлік сатып алуға жұмсауға ұсыныс жасалды. Әрине, азаматтарымыз үшін пәтер өте маңызды, сондай-ақ, қазақстандықтарға көлігін жаңалап алуға да бұл үлкен мүмкіндік болар еді. Машина жасаушылар мен автокомпаниялар үшін бұл қызықты идея» дейді ол.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости