RSS лента

Жоғалған жігіттің денесі судан шықты

Автор фото: t.me/guwonline

Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 ж.т.баласының денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1.5 м тереңдікте су астынан табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еске салсақ, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976ж.т. әкесі мен 2000 ж.т. баласы су басқан үйін көруге барған болатын.


"Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады" делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости