Тепловоздағы жалпы вагон саны – 62. Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Қайта күкірт далаға төгілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданынан "ҚТЖ ҰК" АҚ-ның қалпына келтіру пойызы шықты. Орын алған жағдайға байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб құрылды. Қазір тиісті шаралар атқарылуда.