RSS лента

"Бір күні бәріміз оянбай қалуымыз мүмкін..." (+видео)

  • 30.03.2023, 02:42,
  • 2 279
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық экология департаменті

28 наурыз күні таңғы мезгілде Атырау қаласында жағымсыз иіс тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осыған орай, облыстық экология департаменті ауа сапасына тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ, аталған департаментпен бірге Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, БАҚ және «Квадрат» булану алаңын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан «Павлодарский речной порт» ЖШС өкілдері аталған алаңға барып, атмосфералық ауа сынамасын алды. Нәтижесінде, күкіртсутек ингредиентінен рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталды.

 

Ал, Air.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, 28 наурыз күні сағат 05:00-де №109 «Восток» ауа сапасын бақылау стансасында күкіртсутек қоспасы 124 мкг/м3 (15,5 мг/м3), №112 «Әкімдік» стансасында 185мкг/м3 (23,125 мг/м3), №103 «Шағала» стансасында – 126 мкг/м3 (15,75 мг/м3), №111 «Жилгородок» стансасында 12,1 мкг/м3 (1,51 мг/м3) көрсетіп, қызыл түске боялған. Сол кезде желдің бағыты солтүстік-батыстан болған. Ал, бұл бағытта, яғни, қаланың оң жағында «Квадрат» булану алаңы орналасқан. Қазір бұл алаңды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

– Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша 28 наурыз күні №114 «Загородная» ауа сапасын бақылау стансасында күкіртсутегі қоспасы нормадан 15 есе көп болғаны, яғни, жоғары ластану фактісі тіркеліп отыр. Осы деректер бойынша заңмен көзделген шаралар алу үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депаратаментіне тиісті хат жолданады, - деп толықтырды экология департаментінің баспасөз өкілі Айгерім Қадырова.


Ал, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жергілікті тұрғындар Атыраудың ауасына Астанадағы лауазымды тұлғалар бас ауыртпайтынын айтады.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости