Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Хазара экспрессінің бірнеше вагоны Карачи қаласынан 275 км (171 миль) жерде Навабшахтағы Сахара теміржол вокзалының жанында аударылып қалған. Зардап шеккен жолаушылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Құтқару топтары үйінді астында қалған адамдарды шығаруға тырысуда. Пәкістанның ескірген теміржол жүйесіндегі апаттар аз емес. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан апат орнында ондаған адамның болғанын, кейбір жолаушылардың аударылған вагондардан шығып жатқанын көруге болады.
"Олар көмектес деп қатты айқайлады. Мен не істерімді білмедім. Жақын маңдағы арнадан су алып, ес-түссіз жатқандар есін жинап қалар деген үмітпен беттеріне су құйдым", - деді жолаушы Насер Ахмед.
Насер "поезд рельстен шығып кеткен кезде терезеден құлап кеткендіктен" апаттан аман қалғанын айтты.
Темір жол министрі Саад Рафик алғашқы тергеулер пойыздың қалыпты жылдамдықпен жүргенін көрсеткенін және рельстен шығудың себебін анықталып жатқанын айтты. Бұл механикалық ақаудың немесе саботаждың нәтижесі болуы мүмкін, дейді ол.
Карачидегі теміржол өкілі сегіз вагон рельстен шығып кеткенін айтты. Оның айтуынша, оқиға орнында құтқарушылармен бірге әскери жасақтар пойыз вагондарының ішінде қалып қойған жолаушыларды шығаруға көмектескен. Ең ауыр жарақат алған жолаушылар әскери тікұшақтармен алыстағы, заманауи жабдықталған ауруханаларға жеткізілді.
Шенеуніктердің айтуынша, құтқару жұмыстары жексенбі күні кешке аяқталды.
Навабшах пен Синдтің көршілес аудандарындағы негізгі ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды. Синдтің ішкі аймағында пойыз қозғалысы тоқтатылды.