Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Апатқа ұшыраған кеме Бинангонан қаласынан Филиппиндегі ең үлкен Бай көліндегі Талим аралына бет алған. Филиппин жағалау күзеті өкілінің айтуынша, кемені қатты жел соғып, жолаушылар арасында дүрбелең туындаған.
"Олар кеменің порт жағына қарай жүгіріп, кеменің аударылуына себеп болған", – делінген хабарламада.
Алғашында жағалау күзеті оқиғадан 30 адамның қаза тапқанын жеткізді. Кейін Рисаль провинциясының полициясы 21 адамның суға батып, 40 адамның құтқарылғанын хабарлады.